top of page

Бірынғай оқу жоспары

РО

 

Бірыңғай оқу  жоспары (3 сессия)

алғашқы        қыркүйек(15-25))   қазан(1-10)) 

 сессия           

 

оқыту             ақпан (1-10)   

сессия

қорытынды    сәуір (20-30 )

    сессия 

“Ақсу қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі” КММ  тірек мектебінің (ресурстық орталықтың )  2017 - 2018 оқу жылына арналған жеке оқу жоспарына түсінік хат

 

“Ақсу қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі” КММтірек мектебінің (ресурстық орталықтың ) 2017 -2018 оқу жылында сессия өткізуге арналған оқу жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі “Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы”  № 375 бұйрығының 3-қосымшасына сай жасалды.

Сонымен қатар “Павлодар облысының білім беру басқармасы” мемлекеттік мекемесінің 2011 жылғы 01 ақпандағы “Тірек мектептерді” (ресурстық орталықтарды) құру туралы” №1-05/44 бұйрығы, “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің 2011 жылғы 09 ақпандағы №1-03/75 бұйрығы,  №2 жалпы орта білім беру мектебінің 2011 жылғы 10 ақпандағы №1-03/35 бұйрығы және Ақсу қаласының әкімдігі 2014 жылғы 18 ақпан  күні № 102/1 шығарылған Қаулы негізге алынды.

Оқу жоспарының инвариантты компонентіне жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер енсе, вариативті компонетіне бейіні бойынша арнайы курстар енгізілген.

Оқу жоспарының вариативті  бөлімдегі сағат сандары ҚР Үкіметінің “Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар”санитариялық қағидаларын бекіту туралы №1684 Қаулысында көрсетілген талаптарға сай,  10-11-сыныптарға арналған сағат сандарымен сәйкес.

 2017-2018 оқу жылында үш сессия (бастапқы, аралық, қорытынды) үш күннен қазан, ақпан, сәуір айларына жоспарланды. Бір күнде негізгі сабақтарға 2 сағат, психологиялық тренинге 1 сағат, бейіні бойынша арнайы курстарға 4,5 сағат бөлінді.

bottom of page