top of page

Ресурс орталығы

Тірек мектеп (ресурс орталығы)

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы  «17» қыркүйек

№ 375 бұйрығына 3-қосымша

 

Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары

қызметінің үлгілік қағидалары

 

  Жалпы ережелер

Тірек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп оқушыларының

сапалы білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді

сессиялық сабақтарды және аралық әрі қорытынды аттестаттауды өткізу үшін базасында

 таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердің білім беру ресурстары шоғырланатын

жалпы орта білім беру ұйымы;

Тірек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп оқушыларының

сапалы білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді

сессиялық сабақтарды және аралық әрі қорытынды аттестаттауды өткізу үшін базасында

 таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердің білім беру ресурстары шоғырланатын

жалпы орта білім беру ұйымы;

2. Шағын жинақты және тірек мектептері (ресурстық    
                      орталық) қызметінің тәртібі

ШЖМ мен тірек мектептерінің (ресурстық орталықтар) негізгі міндеттері мыналар

 болып табылады:

1)сапалы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету

және кеңейту;

2) оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану;

3) сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында тірек мектептерінде (ресурстық

орталықта) ШЖМ-ның

 білім беру ресурстарын біріктіру;

4) тірек мектебінде (ресурстық орталықта) нұсқаушы, аралық және қорытынды

сессиялық сабақтар

 ұйымдастыру шараларын іске асыру;

5) біріктірілген сыныптарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру.

Сессиялық сабақтар кезеңінде тірек мектебі (ресурстық орталық) білім алушылардың

 тұруын, тамақтануын, тасымалдануын ұйымдастырады, пәндер бойынша оқу

бағдарламаларын келісуді, сыныптар мен сессия қатысушыларының санын анықтауды

жүзеге асырады.

Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) оқу-тәрбие процесі бірыңғай оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады және магнитті ШЖМ білім алушылары үшін ұзақтығы он күндік оқу сессияларын (бастапқы – қазан айының бірінші онкүндігінде,

 аралық – ақпан айының бірінші онкүндігінде,

қорытынды – сәуір айының үшінші онкүндігінде) өткізуді қамтиды.

Сессия  аралық   кезеңде  қашықтықтан оқыту жүзеге асырылады.

Сессиялардың ұзақтығы тірек мектебінің (ресурстық орталықтың)

және магнитті ШЖМ-ның үйлестіру  кеңесі бекіткен

оқу процесінің кестесіне сәйкес үш күннен он күнге дейін

 белгіленеді.

Бастапқы сессия оқу жылының басында өткізіледі.

Сессия басталғанға дейін магнитті ШЖМ білім алушыларына

кіру тестілеуі өткізіледі, оларды

 оқытудың жеке бағыты анықталады, сессия аралық кезеңдегі

 жұмыс жоспарланады.

Қорытынды сессияда оқытудың жеке бағытын іске асыру бойынша

 таңдау бойынша базалық пәндер мен курстар бойынша түйінді

 проблемалар анықталады, білім алушылар дайындығының

деңгейі бағаланады.

Сессияаралық кезеңде білім алушылардың оқу-танымдық қызметі ШЖМ-да тірек

 мектебінің (ресурстық орталықтың) пән оқытушыларының қашықтықтан

қолдауымен өткізіледі.

ШЖМ-ны дамытудың өңірлік орталықтары:

 

1. Оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу;

2. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау;

3.Жеке оқыту бағдарламаларын жасау;

4.Қашықтықтан оқыту нысанының мазмұны,

бейінді бағытты ескере отырып, оқыту әдістері мен

 арнайы курстар бойынша жұмысты үйлестіруді

жүзеге асырады.

Қашықтықтан оқыту
Наша история

Мектептің тіркелген   жылы

 Қаңтар, 2010 жыл

Мекен-жайы

Ленин көшесі,37

Мектептің жобалық қуаты

1200 орын

Мектептің жалпы ауданы

20252 кв.м.

Бағыттар бойынша оқушылар саны

1184 оқушы :

1-4 сыныптар – 557  оқушы( 24 сынып),

5-9 сыныптар – 539 оқушы ( 23 сынып),

10-11сыныптар  –88 оқушы ( 4 сынып).

    2 ауысым:

1 ауысым- 39 сынып ( 920 оқушы)

2 ауысым – 12 сынып ( 265 оқушы)

Іс әрекеті

bottom of page